Киік атқан батысқазақстандық үш тұрғын қолға түсті

806

Киік атқан батысқазақстандық үш тұрғын қолға түсті

Бұл жайында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2018 жылдың 17 маусымында "Охотзоопром" ӨБ" кәсіпорнының Батыс аймақтық филиалының инспекторлары БҚО Қазталов ауданы Қарасу ауылының маңындағы "Сүттігенді" қыстағының маңында күзет жұмыстары жүргізу кезінде ВАЗ - 21214 "НИВА" көлігін тоқтатқан. Көлік ішінде 1978 жылғы жүргізуші, 1999 және 2000 жылғы екі жолаушы отырған. Автокөлікті тексеру кезінде ішінен 4 киіктің кесілген басы (мүйізімен), екіоқпанды 12 калибрлі аңшы қаруы, 12 калибрлі 14 патрон, қол арасы мен екі пышақ табылды", - делінген хабарламада.

Автокөліктің ізін тексеру кезінде басы кесіліп алынған 4 киіктің денесі де табылған. Оқиға орнына Қазталов ауданының ІІБ мен Жалпақтал бөлімінің тәртіп сақшылары шақырылған. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-ның 377 бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу