Киік атуға жарияланған мораторий 2024 жылға дейін ұзартылды

752

Ел аумағында киіктердің дүниежүзілік популяциясының 90%-дан астамы мекендейді. 

Киік атуға жарияланған мораторий 2024 жылға дейін ұзартылды Фото: gov.kz

Қазақстанның бүкіл аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға мораторий 2024 жылға дейін ұзартылды деп жазады inbusiness.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аталмыш жануарлардың санының азаюына байланысты (2003 жылы  21 мың басты құрады) ел Үкіметі бірқатар кешенді шаралар қабылдады, оның ішінде  киіктерді пайдалануға мораторий енгізілді. Соның нәтижесінде бүгінде киік саны 1,3 млн басқа (төлдеу кезеңіне дейін) жетіп отыр. Айта кету керек, олардың оңтайлы саны 700-800 мыңды құрайды", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарлары мен киіктердің арасында жайылымдар мен суаратын жерлер үшін бәсекелестік күшейіп, киіктердің егін таптау жағдайлары жиілеген.

"Министрлік 2023 жылы киік популяциясын басқару жөніндегі биологиялық негіздеме аясында оларды ғылыми зерттеуді жоспарлап отыр. Оның барысында келесі мәселелер зерделенбек: киік  популяцияларының даму болжамы, киіктердің ареалы мен көші-қон жолдарын нақтылау, киіктердің азықтық базасын зерделеу, ауыл шаруашылығымен бәсекелестікті төмендету бойынша ұсыныстар әзірлеу", - деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу