Киік еті қаншадан сатылатыны белгілі болды

450

Ақбөкен етінің ұсынылатын құны бір келісі үшін 1600 теңге. 

Киік еті қаншадан сатылатыны белгілі болды Фото: uralskweek.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі киік етінің бағасын белгіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұған дейін Қазақстан өңірлерінің бірінде киіктер атыла бастағанын жазған едік. БҚО-да 6 комбинат киік етін өңдеуге әзір.

8 шілде күні Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров он күннен кейін киік етінің келісі қаншадан сатылатыны белгілі болатынын айтты.

"Жұмыс енді басталды. Бұл мәселемен Экология министрлігі айналысып жатыр. Біздің міндет – ет комбинаттарын ақбөкен етімен қамтамасыз ету. Қазір 18 ет комбинаты бар. Ветеринарлар да бұған жұмылдырылды. Ет қандай бағамен қабылданатыны және сатылатыны логистикаға байланысты. 10 күннен кейін  белгілі болады", – деді АШМ басшысы Үкіметте өткен брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу