Киік мүйіздерін "тауып" алған шопанға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

523

Ақтөбе облысында ауыл тұрғынынан киіктің мүйізі тәркіленді.

Киік мүйіздерін "тауып" алған шопанға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Шалқар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында түскен жедел ақпаратты тексеру кезінде шопан нүктелерінің бірінен киік мүйіздерін тапты, деп жазады inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Жертөледен табылған 14 дана ақбөкен мүйізі тәркіленген. Ал бұл мүйіздерді шопан мал бағып жүрген кезде даладан тауып алғанын айтқан.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-1 бөлігімен "Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау" сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу