Қазақстан мен Ресейдің Атыраудағы шекарасында браконьерлікпен айналысты деген күдікпен екі азамат ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз өкілдері хабарлады.
Ақпарат көзінің мәлімдеуінше, 34 жасар қазақстандық пен 37 жасар ресейлік азамат 108 киік мүйізі бар қорапты "ВАЗ" автокөлігімен шекарадан алып өтпек болған.
Орын алған оқиға Құрманғазы аудандық құқық қорғау органдарына хабарланып, тиісті шаралар жасалуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу