Киіктен келген залал үшін шаруалар өтемақы алып жатқан жоқ

501

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі киік таптаған егін үшін фермерлерге өтемақы төлеу мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Киіктен келген залал үшін шаруалар өтемақы алып жатқан жоқ Фото: National Geographic

"Киіктердің миграциясы, субсидиялар төлеу және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге келтірілген залалды қалпына келтіру мәселесі бірінші рет көтеріліп отырған жоқ. Біз жиі кездесулер өткіземіз, өңірлерге барамыз, сондықтан осы мәселені бірнеше рет көтердік. Біз бұл рәсімді мемлекеттік деңгейге шығару, арнайы ережелер дайындау және осы проблемамен айналысу қажет деп санаймыз", - деп түсіндірді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Сонымен бірге Ауыл шаруашылығы департаментінің басшысы Азат Сұлтанов бұл мәселе бойынша жұмыс үш бағытта жүргізіліп жатқанын айтты.

Оның сөзінше, алғашқы екі бағыт Экология және табиғи ресурстар министрлігіне бекітілген.

"Шақырылған сарапшылар жұмыс істеп жатыр. Қорытындысы бойынша келесі айдың басында ұсыныстарды іске асыру және мәселені шешу бойынша арнайы жоспар қабылданады деп күтілуде. Біріншіден: киік миграциясын дақылдар мен жайылымдық жерлерден өтпеу үшін қалай өзгертуге болатынын анықтау керек. Сондай-ақ, сарапшылар киік етін өнеркәсіптік мақсатта пайдалануды ұсынады. Бұл біздің құзыретімізге кірмейді, сондықтан пікір бермейміз. Үшіншісі – залалды өтеу мәселелері. Өтемақы төлеу үшін тиісті құзыреттілік қажет. Заң шығару процесі өте ұзақ екенін білесіздер. Ол біз қазір өтіп жатқан белгілі бір процедуралардан тұрады. Біріншісі – ғылыми ұйымдармен бірге өтемақы әдістемесін әзірледі. Қазіргі уақытта уәкілетті органның құзыреттерін заңнамалық бекіту бойынша жұмыс жүргізілуде", - деп атап өтті Азат Сұлтанов.

Ауыл шаруашылығы департаментінің басшысы фермерлердің 360 мың гектар жеріне залал келгенін хабарлады.

"Негізгі бүліну егіс жүргізілмейтін, тұқым материалына шығын келтірілмейтін жайылымдық жерлерде байқалған. Яғни, негізгі залал жайылымдық жерлерге кетеді. Бұл бағытта жұмыс істейтін боламыз", - деді Азат Сұлтанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу