Киіктерді санау басталды

776

Ел аумағындағы киіктердің санын анықтау үшін арнайы әуе есебі жүргізілуде. Киіктерді санауды 2021 жылдың 5 мамырына дейін аяқтау жоспарлануда, деп хабарлайды inbusiness.kz Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Киіктерді санау басталды

Былтыр карантиндік шектеулерге байланысты әуе есебі жүргізілмей қалған болатын.

Әуе есебін Охотзоопром РМҚК қызметкерлері, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы және Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары бірлесе жүргізіп жатыр.

"Қазіргі таңда елімізде Охотзоопром инспекторларының екі есеп тобы жұмыс істеуде. Олардың біріншісі – Бетпақдала популяциясына, екіншісі – Орал және Үстірт популяцияларына есеп жүргізуде. Есепке тікұшақпен 200-ге жуық ұшу сағаты қарастырылған. 2019 жылы жүргізілген есепке алу жұмыстарына сәйкес Қазақстандағы киіктердің саны 334 400 басты құрады. Осы кезеңде ақбөкендердің әуе есебі Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында (Орал және Үстірт таралымы) аяқталды және Бетпақдала популяциясын есепке алу бойынша Қарағанды, Ақмола облыстарының аумақтарында жалғасуда",– деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу