Киіктің мүйізін заңсыз сақтаған екі атыраулық сотталды

369

Олардан 6 млрд теңге залал өндіріледі.

Киіктің мүйізін заңсыз сақтаған екі атыраулық сотталды Фото: polisia.kz

Атырау қаласының №2 сотында киік мүйізін заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдағаны үшін екі күдіктіге қылмыстық іс қаралды. Күдіктілерге ҚР Қылмыстық кодекстің 339-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен айып тағылған.

"Биылғы 2 наурызда К. және З. өлі күйде жатқан киіктердің 2 мыңнан астам мүйізін кесіп алған. Кейін К.-ның Атырау қаласындағы тұрғылықты мекенжайына әкеліп, заңсыз сақтаған. Ал 4 наурызда К.-ның үйін тінту кезінде жоғарыда көрсетілген киік мүйіздері табылған. Күдіктілер қылмыстық әрекеттерімен мемлекетке 6 млрд теңгеден астам мөлшерде аса ірі залал келтірген", - деп №2 соттың баспасөз қызметі.

Сотталушылардың кінәсі тінту хаттамасымен, заттай дәлелдемелермен, бейнежазбалармен, сот-биологиялық және тауартану сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденген.

Прокурор сотталушы К.-ға 8 жыл, ал, З.-ға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Сот К. және З.-ны ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп таныды.

"К.-ға 7 жыл, З.-ға 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылардан ортақ үлесте мемлекет пайдасына 6 млрд теңгеден астам мөлшерде залал өндіріледі", - деп мәлім етті соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу