Киім-кешек бағасы көтерілген

3123

Сарапшылар республикада киім өндірісі 2017 жылдың тамызына қарағанда биылғы тамызда 2,3 пайызға кемігенін айтады. 

Киім-кешек бағасы көтерілген

Қазақстанда киім қымбаттап жатыр. Бұл туралы Energyprom.kz сарапшылары айтты, деп хабарлайды Today.kz.        

Әйелдер көйлегі мен костюмінің құны бір жылдың ішінде 7,7 пайызға өсті. 

Оқу жылында балалар киімі қымбаттады: ұл балаға арналған жейде - 9,2 пайызға, балаларға арналған футболка - 7,9 пайызға, күртеше 7,3 пайызға өскен.

Сарапшылар республикада киім өндірісі 2017 жылдың тамызына қарағанда 2018 жылдың тамызында 2,3 пайызға кемігенін айтады. 

ҚР өңірлерінің ішінде 2018 жылдың қаңтар-маусымында Алматы облысы 3,6 миллиард теңгеге киім өндірген, бұл 2017 жылға қарағанда 15,7 пайызға аз. 

Одан кейінгі орында Алматы – 2,6 миллиарл теңге, бір жылдың ішіндегі өсім 5,7 пайыз және Қарағанды облысы – 2,2 миллиард теңге, өңір көрсеткіші бір жылдағыға қарағанда 4,5 пайызға аз. 

Бас киім (23,9 пайызға аз), әйелге арналған сырт киім (22 пайызға аз), ер адам киімі (19,1 пайызға аз), трикотаж шұлық (18,2 пайызға аз) және трикотаждан жасалған сырт киім (15,7 пайыз) өндірісі азайған. 

Аң терісінен жасалған киім мен аксессуарлар (43,5 пайыз), свитер, жемпірлер (3,7 пайыз) өндірісі ұлғайған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу