Киім-кешек бір жылда 13%-ға қымбаттады

470

Биылғы қаңтар-тамыз айларында киім өндірісі саласындағы негізгі капиталға 795 млн теңгеге инвестиция салынды. 

Киім-кешек бір жылда 13%-ға қымбаттады Фото: Inbusiness.kz

Бұл 2022 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда ақшалай мәнде 12,2%-ға көп. Инвестициялар нақты көлемде 16%-ға төмендеді, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Осы жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша киім дайындауға арналған материалдар бір жылда 8%-ға қымбаттаған. Бір жыл бұрын 15,6%-ға қымбаттау тіркелді.

Өңірлік бөліністе киімге арналған материалдар бағасының айтарлықтай өсуі Жамбыл (20,6%-ға), Абай (14,9%) және Батыс Қазақстан (14,4%) облыстарында байқалды. Ең аз қымбаттаған өңірлер – Павлодар (2,4%) және Алматы (2,5%) облыстары. Жетісу және Ұлытау облыстарында баға өзгермеген.

Тамыз айының қорытындысы бойынша киім бағасы бір жыл ішінде 13,3%-ға өсті. Бір жыл бұрын өсім 11,1% болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу