ҚИК 10 пайызбен ипотека беретін бағдарламаны бастады

869

ҚИК 10 пайызбен ипотека беретін бағдарламаны бастады

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасының қаржылық операторлары  "Қазақстандық Ипотекалық Компаниясы" ипотекалық ұйымы қазақстандық азаматтарға ипотека бойынша несиені субсидиялайды" деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтеп naryk.kz.

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша субсидиялаудан кейін ақырғы қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі 10%-ды құрауы тиіс. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесі төмендеген кезде субсидиялар мөлшері жаңадан берілетін қарыздар бойынша қысқартылады, сонымен қатар азаматтарға 5 пайыздық жылдық үстемемен несие ұсына алады. 

Субсидиялау 10 жылға дейін 30%  алғашқы жарна көлемі төмендетіліп беріледі. Бағдарлама аясында субсидиялар сомасын шектеу қойылды. Алматы мен Астанадағы субсидияланған несиенің максимум бағасы -20 млн теңгені құраса, облыстарда 15 млн теңгені құрайды.

"Нұрлы жер" бағдарламасы ипотекалық нарықтың жандануына бағытталған,-дейді ҚИК төрағасы Әділ Мұхамеджанов. Бүгінгі таңда тұрғын үй сатып алуға банктердің тарифтері жоғары, мемлекетіміздің басты мақсаты – баспананы қолжетімді ету.

Қазіргі уақытта еліміздің банктерімен осы бағдарламаға қатысты келіссөздер жүргізілуде. Бір жағынан ҚИК дәл қазіргі уақытта 7 банкпен – "Банк ЦентрКредит" АҚ, "АТФБанк" АҚ, "Сбербанк" АҚ, "Bank RBK" АҚ, "Цеснабанк" АҚ, "ТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкі" АҚ. "ТенгриБанк" АҚ келіссөзге қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу