ҚИК 2 мыңнан астам өтінімді мақұлдады

804

ҚИК 2 мыңнан астам өтінімді мақұлдады

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша жиырма бір миллиард теңге сомасында субсидияланған ипотекалық қарыздар берілді, деп хабарлайды ҚИК баспасөз қызметі.   

"Нұрлы жер" бағдарламасының ипотекалық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бағытының операторы – "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ 2018 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша – жалпы сомасы 21,4 млрд теңгеге 2059 өтінімді мақұлдады.

Бағдарламаға Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Қарағанды, Көкшетау, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Қостанай, Жезқазған, Семей, Қызылорда және Алматы облысының тұрғындары қатысты.

Бүгінгі таңда ҚИК "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бағытын жеті банкпен бірлесе отырып іске асырып жатыр, олар: "Банк ЦентрКредит" АҚ,    "Сбербанк" АҚ ЕБ,  "Банк ВТБ" АҚ, "АТФБанк" АҚ, "Нұрбанк" АҚ, "Цеснабанк" АҚ және "Қазақстанның құрылыс жинақ банкі" АҚ.

Қазіргі кезде субсидияланатын қарыздар Қазақстан Республикасы үкіметімен 2017 жылғы қазанда қабылданған жаңа талаптары бойынша беріліп жатыр. Қарыз алушы үшін 30% бастапқы жарнаны қамтамасыз етуде, қарыз алушыға немесе үшінші тұлғаларға тиесілі тұрғын үй түріндегі баламалы жылжымайтын мүлікті қосымша кепілзат ретінде ұсыну қарастырылған. Сондай-ақ, бастапқы жарна ретінде, растаушы құжаттарды ұсыну барысында қарыз алушының құрылысты салушыға төлеген алдын ала төлемі де есепке алынады.

Бастапқы тұрғын үй ұғымы да кеңейтілді: қазір пәтерлерді тек құрылысты салушылардан ғана емес, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті құрылысты салушылардан алып сататын басқа заңды тұлғалардан да сатып алуға болады.

Бағдарлама шеңберінде, жалпы  оны іске асыру сәтінен бастап (2017-2018 ж) 120 млрд теңге сомасында 8 000 қарыз беру жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу