ҚИК Азиялық екінші ипотекалық нарық қауымдастығына мүше болды

582

ҚИК Азиялық екінші ипотекалық нарық қауымдастығына мүше болды

Қазақстан  ипотекалық компаниясы Азиялық екінші ипотекалық нарық қауымдастығының мүшесі болды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес мекемесі – "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ Азиялық екінші ипотекалық нарық қауымдастығынан (ASMMA) ипотекалық мүше ретінде тіркелгендігі туралы растаманы алды.

Аталған қауымдастыққа National Mortgage corporation of Malaysia "Cagamas", Japan Housing Finance Agency, Korea Housing Finance Corporation, Mongolia Mortgage Corporation, National Home Mortgage Finance Corporation (Philippines), PT Sarana Multigriya Financial (Indonesia), Secondary Mortgage Corporation (Thailand) сынды ірі компаниялар мүше.

Айта кетсек, Азиялық екінші ипотекалық  нарық қауымдастығы (ASMMA) 2014 жылдың қыркүйек айында құрылды. Бұл Азиядағы барлық екінші ипотекалық корпорацияларға (ұйымдарға) ашық коммерциялық емес ұйым. Қауымдастықтың миссиясы - қауымдастық мүшелігіне кіретін елдерде тұрғын үй қарыздарын алу үшін жағдайды жақсарту және өмір сүру сапасын жоғарылату үшін жылжымайтын мүлік нарығын дамыту мақсатында идеялармен, пікірлермен және тәжірибелермен алмасу алаңын және негізін  қамтамасыз ету.

"Бізде азиялық компаниялармен ынтымақтастықтың оң тәжірибесі бар. 2017 жылы Кореяның тұрғын үйді қаржыландыру корпорациясымен (Korea Housing Finance Corporation ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Енді біз Азиялық екінші ипотекалық нарық қауымдастығының мүшесі болдық. Біз үшін бұл Азия аймағындағы басқа елдермен тәжірибе алмасуға және олар жүзеге асырып жатқан жүйелер мен бағдарламаларды зерттеуге тамаша мүмкіндік", - дейді "ҚИК" ИҰ" АҚ басқарма төрағасы Әділ Мұхаметжанов.

"Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ Қауымдастықтың жаңа мүшесі ретінде таныстырудың ресми рәсімі 2018 жылдың шілдесінде Маңғолия астанасы - Ұлан Батор қаласында өтетін тиянақталған кірістер бойынша 5-ші Азиялық саммитте өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу