Қазақстан ипотекалық компаниясы жаңа тұрғын үй бағдарламасын әзірлеп жатыр. Бұл туралы Алматыдағы баспасөз мәслихатында "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айсұлтан Акчурин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Әзірге, жоба дайындау кезеңінде тұр. Директорлар кеңесі бізге жаңа стратегияны әзірлеуге тапсырма берді. Кейіннен құжатты акционерлер бекітетін болады. Біз оны жыл соңына дейін дайындауымыз керек. Алдымен бағдарламаны біздің директорлар кеңесі мақұлдауға тиіс. Сондықтан оған дейін осы жұмыстарды егжей-тегжейлі айта алмаймын", - деді басқарма төрағасының орынбасары.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу