"Кикілжің қалай басталғанын көрдіңіздер": Шерзат пен күдікті не үшін сөзге келгені анықталады

1728

Қонаев қаласында оқиғаның мән-жайына қатысты брифинг өтіп жатыр.

"Кикілжің қалай басталғанын көрдіңіздер": Шерзат пен күдікті не үшін сөзге келгені анықталады Фото: видеодан алынған кадр

Оның барысында 4 қазанға қараған түні болған оқиғаның "Қамажай" дүкенінің ішінде орнатылған бейнекамераға түсіп қалған фрагменттері көрсетілді. Алайда күдікті мен Шерзат арасында нақты не болғаны әлі белгісіз, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Конфликтінің қалай басталғанын көрдіңіздер. Басында екеуінің арасында ешқандай кикілжің болмаған сияқты, келісімге келіп, қол алысып қоштасқандай болды. Сондықтан қақтығысқа не түрткі болғанын анықтап жатырмыз. Іс барысында себебі әлі анықталады және толыққанды ақпарат беріледі", – деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов. 

Брифинг барысында Шерзаттың өліміне қатысты бейнекамера жазбалары толғымен көрсетіліп, өртенген үйге қатысты тергеу жұмыстардың барысы мәлім болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу