Ким Чен Ын елді ашаршылық жайлауы мүмкін деген пікірде

729

Ол Солтүстік Кореядағы жағдайды "тарихтағы ең қиын" деп атаған еді.

Ким Чен Ын елді ашаршылық жайлауы мүмкін деген пікірде Фото: reuters.com

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын елді ашаршылық жайлауы мүмкін деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 2020 жылы ойран салған тайфун салдарынан азық-түлікке қатысты жағдай күрт нашарлап кеткен. Апат кесірінен астық өндіру жоспары орындалмай, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету қиынға соғып отыр. 
Ким Чен Ын індетті тежеу үшін енгізілген шаралар жағдайды ушықтырып жібергенін мәлімдеді. Осы орайда КХДР басшысы партия мен ел тұрғындарын "қиын жорыққа" дайын болуға үндеді. Бұл термин 90-жылдары ел жаппай ашаршылықпен бірге ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешірген кезде пайда болған еді. Бұған дейін де Ким Чен Ын Солтүстік Кореядағы жағдайды "тарихтағы ең қиын" деп атаған еді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу