Ол сонымен қатар Корей түбегіндегі жағдайды тұрақты түрде бақылау режимін күшейтуге үндеді.
Бір күн бұрын Солтүстік Корея 2005 жылдан бері алғаш рет басқа елге қаражат бөлді. Пхеньян әскери төңкерістен кейін зардап шеккен Мьянмаға гуманитарлық көмек көрсету үшін 300 мың доллардай қаржы шығындады.
Бұған дейін Ким Чен Ын елді ашаршылық жайлауы мүмкін деген мәлімдеме жасаған еді. Оның айтуынша, 2020 жылы ойран салған тайфун салдарынан азық-түлікке қатысты жағдай күрт нашарлап кеткен. Ол індетті тежеу үшін енгізілген шаралар жағдайды ушықтырып жібергенін мәлімдеді. Осы орайда КХДР басшысы партия мен ел тұрғындарын "қиын жорыққа" дайын болуға үндеді.
Табиғат Нұрболат