Ким Чен Ын КХДР экономикасының құлдырағанын жариялады

1033

Ол Солтүстік Корея экономиканы өз күшімен нығайтуы керек екенін атап өтті.

Ким Чен Ын КХДР экономикасының құлдырағанын жариялады

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын елдің экономикалық дамуының бесжылдық жоспары барлық дерлік секторда сәтсіздікке ұшырағанын жариялады. Бұл туралы ол "Еңбек" партиясының кезекті съезі кезінде мәлімдеді. 

Оның айтуынша, 2020 жылдың соңына дейін жүзеге асырылуы тиіс жоспарлар орындалмаған көрінеді. Ким Чен Ын Солтүстік Корея экономиканы өз күшімен нығайтуы керек екенін атап өтті. Жақында басталған Еңбек партиясының съезінде экономиканы дамытудың бесжылдық жоспары қабылданады.

Бұған дейін хабарланғандай, Ким Чен Ын алғаш рет теледидар арқылы көрсетілетін жаңа жылдық жолдаудан бас тартып, халыққа тек құттықтау хатын жолдаған болатын. Соңғы рет мұндай қадамға ол 2011 жылы барған еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: rtl.de

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу