КХДР басшысы Ким Чен Ын Қытай көшбасшысы Си Цзиньпиннің шақыруымен Пхенчхан мен Вашингтон көшбасшылары арасындағы екінші саммитті ұйымдастыру жөніндегі мәселелер аясында Қытайға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Yonhap ақпараттық агенттігіне сілтемемен egemen.kz.
Сапар 10 қаңтарға дейін жалғасады.
Ким Чен Ынның Қытайға сапары осыған дейін құпия болды. Тек 7 қаңтар күні кешкісін ғана БАҚ Солтүстік Кореяның жоғары лауазымды адамы бар пойыз Даньдун шекаралық қаласы арқылы өткенін хабарлады.
Хабарламада айтылғандай, бұған дейін КХДР қауіпсіздік қызметінің ондаған машиналары шекаралық қала вокзалына апаратын жолдарды жауып тастаған.
Бұл – Ким Чен Ынның Қытайға жасаған төртінші сапары. Алғаш рет оның халықаралық сапары 2018 жылдың наурыз айында болса, соңғы рет 19 маусымда келген.