Ким Чен Ын өкілеттігінің бөлігін қарындасына тапсырды

924

Көктемде ол үш аптаға жоғалып кеткен еді.

Ким Чен Ын өкілеттігінің бөлігін қарындасына тапсырды

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын өз өкілеттігінің бір бөлігін қарындасы Ким Е Чжонға тапсырды. Бұл туралы Ренхап агенттігі оңтүстіккореялық барлау қызметіне сілтеме жасай отырып мәлім етті.

"Билік толықтай Ким Чен Ынның қолында. Бірақ өкілеттігі біртіндеп қарындасына беріліп жатыр. Ким Е Чжон қазір ықпалы бойынша екінші орында. Бірақ Солтүстік Корея басшысы өзінен кейін кімнің басшы болатынын әзірге таңдаған жоқ", – деп жазылған барлау дерегінде.

Агенттіктің мәліметі бойынша, оның қарындасы мемлекеттік маңызы бар істермен айналысады. Ол бүгінгі таңда Пхеньянның АҚШ пен Оңтүстік Кореяға қатысты саясатын жүргізіп отыр. 

Еске сала кетейік, көктемде Ким Чен Ын үш апта бойы бұқаралық ақпарат құралдарында көрінбеген еді. Оңтүстіккореялық, америкалық және жапон басылымдары бұған солтүстіккореялық көшбасшының денсаулығының сыр беруі, оған ота жасалуы себеп болды деп жазған еді.

Бірақ кейін бұл мәлімет расталмады. Оңтүстік Кореяның арнайы қызметі хабарлағандай, Ким Чен Ын ұзақ уақыт бойы ішкі мәселелерге қатысты жұмыстарға байланысты көрінбеген.

Табиғат Нұрболат
Фото: gazeta.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу