Ким Чен Ын ресми Сеулдан кешірім сұрады

666

Солтүстіккореялық шекарашылар Оңтүстік Корея азаматына 10 мәрте оқ атып, денесін өртеген.  

Ким Чен Ын ресми Сеулдан кешірім сұрады

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын оңтүстіккореялықтың Сары теңізде қаза болғаны үшін ресми Сеулден кешірім сұрады. Бұл туралы Yonhap агенттігі Корея Республикасы президентінің әкімшілігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Сондай-ақ КХДР енді мұндай оқиға қайталанбас үшін тиісті шаралар қабылдайтынын жеткізді. Ресми дерек бойынша, солтүстіккореялық тарап шекара аспақшы болған Оңтүстік Корея азаматына 10 мәрте оқ атқан. Содан кейін мерт болған ер адамды шекарашылар өртеп жіберген.

Еске сала кетсек, 24 қыркүйекте Оңтүстік Корея әскерилері "елдің теңіз және балық шаруашылығы министрлігіне қарасты балық аулауды бақылау бөлімінің қызметкері КХДР-ға қашпақшы болған кезде, солтүстіккореялық әскерилер оны атып өлтіріп, денесін өртеді" деп мәлімдеме жасаған еді.

Ресми Сеулдың айтуынша, көршілес елдің шекарашылары мұндай әрекетке бекітілген карантиндік шаралар негізінде, яғни елге коронавирус инфекциясын кіргізбеу үшін барған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу