Ким Чен Ын соңғы бір айда алғаш рет жұрт алдына шықты – БАҚ

906

Ол соңғы рет 6 мамырда ел алдына шыққан.  

Ким Чен Ын соңғы бір айда алғаш рет жұрт алдына шықты – БАҚ

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын соңғы бір айда алғаш рет жұрт алдына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "РИА Новости-ге" сілтеме жасап.

Солтүстіккореялық орталық телеграф агенттігінің мәліметінше, Ким Чен Ын КХДР Еңбек партиясы орталық комитеті (ОК) саяси бюросының бірінші отырысына төрағалық етіп, партия ОК пленумын маусымның бірінші он күндігінде өткізу туралы шешім қабылдаған.

Отырысқа Кореяның Еңбек партиясы орталық комитеті саяси бюросы президиумының мүшелері, партия ОК саяси бюросының мүшелері мен мүшелігіне үміткерлер қатысты.

Жиында партия орталық комитеті пленумын шақыру мәселесі талқыланды. Ким Чен Ын ағымдағы жағдайды талдап, ОК пленумын бірінші жартыжылдықтың қорытындысын шығаруды, даму бағыттарын айқындау керегін атап өтті. Пленумды маусымның бірінші он күндігінде өткізу туралы шешім қабылданды.

"Құрметті бас хатшы қалыптасқан қолайсыз субъективті және объективті жағдайлар мен ахуалға байланысты мемлекеттік жобалардың қолайлы дамуы көптеген сын-тегеурін мен шектеуге тап болатынына, әрі көптеген жоба идеялық ынта-жігердің және бүкіл партия мен халықтың өз күшіне сүйенудің арқасында жүзеге асырылып жатқанына оң баға берді", - деп жазылған орталық телеграф агенттігі таратқан хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу