Ким Чен Ын Трампты Пхенъянға сапармен келуге шақырды

858

АҚШ пен Солтүстік Корея өзара келісім орнатуға қарсы еместігін білдіруде. 

Ким Чен Ын Трампты Пхенъянға сапармен келуге шақырды

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын сонымен қатар келіссөздердің үшінші раундын өткізуге шақырды. Әзірге америкалық тарап бұған ресми түрде жауап берген жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Корея билігі АҚШ-пен Корей түбегін ядролық қарудан арылтуға қатысты келіссөздерді жаңартуға мүдделі екені жарияланған еді. 

Тамыз айында америкалық президент Дональд Трамп Францияда өткен G7 саммиті аясында Пхенъянның ядролық бағдарламасына қатысты талқылау өткізу үшін Ким Чен Ынмен кездесіп қалуы мүмкін екенін айтқан болатын. 
Қос елдің басшылары бұған дейін үш мәрте, Сингапурда, Ханойда және Оңтүстік Корея мен КХДР арасындағы қарусыздандырылған аймақта кездескен. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу