Ким Чен Ынның ең ұзақ шетелдік сапары аяқталды

360

Ресей және Солтүстік Корея арасында "Восточный" ғарыш айлағында саммит өтті.

Ким Чен Ынның ең ұзақ шетелдік сапары аяқталды Фото: РИА Новости

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын жексенбі күні Ресейдегі 6 күндік сапарын аяқтап, өзінің брондалған пойызымен еліне қайтты.

Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, Ким Чен Ын мінген пойыз Ресейдің алыс шығысындағы Артем қаласынан жолға аттанған.

Еске салайық, КХДР көшбасшысы Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге барды. Екі ел арасында әскери серіктестік орнауы мүмкін деген алаңдау үдеп тұрған сәтте, олар сәрсенбі күні "Восточный" ғарыш айлағында саммит өткізді.

Айта кетейік, бұл – Ким Чен Ынның билікке келгелі шет мемлекетке жасаған ең ұзақ сапары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу