Малайзия полициясы КХДР басшысының інісі – Ким Чон Намның өлімін тексеру барысы туралы айтып берді, деп жазады "Коммерсантъ".
Олардың мәліметі бойынша, оның бетінен химиялық қару болып саналатын VX – жүйке-паралитикалық зат табылған.
"Қайтыс болған адамның бетінен және көзінен сынамалар алынды", – деп мәлімдеді полиция. АҚШ-тың ауруларды бақылау орталығы VX – жүйкеге зақым келтіретін аса күшті уыт екенін растап отыр.
Бұған дейін хабарланғандай, солтүстіккореялық дипломаттар мәйітті ашуға қарсы болған. Кейін Малайзия Ким Чон Намның сүйегін КХДР-ға беруге дайын екендігін мәлімдеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу