Кімдер, не үшін 45 тәулікке қамалады?

914

Қорғау нұсқамасы жәбір көрушінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 

Кімдер, не үшін 45 тәулікке қамалады?

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдарға тарату үшін полиция 43 мыңнан астам қорғау нұсқамасын шығарды. Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің бастығы Әсет Оспанов осылай деді. 

Оның сөзінше, қорғау нұсқамасы жәбір көрушінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 

"Қорғау нұсқамасы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған немесе жасауға бейім адамға беріледі. Қорғау нұсқамасының көшірмесі жапа шеккен адамға ұсынылады. Мұнда жапа шеккен адамға оның құқығы түсіндіріледі ал, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған немесе жасауға бейім адамға заңға қайшы әрекетке барса заң алдында жауап беретіндігі ескертіледі", – деді  Әсет Оспанов. 

Басқарма басшысының баяндауынша, қорғау нұсқамасын алған адамға жапа шеккен тұлғаны іздеуге, онымен араласуға, ауызекі немесе телефон арқылы  сөйлесуге болмайды. 

"Қорғау нұсқамасында берілген күні, уақыты, алған адамның мекенжайы жазылып тұрады. Құжатта шектеу шаралары мен құқықтық салдар нақтыланады. Қорғау нұсқамасының заңдық күші 30 тәулік", – деді Әсет Оспанов. 

Оның сөзінше қорғау нұсқамасын алған адамдар ішкі істер органдарының бақылауында болады. 

"Мұндай адамдар 7 күнде бір рет тексеріліп тұрады. Қорғау нұсқамасының талабын бұзған тұлғалар 45 тәулікке қамалады", – деді  Әсет Оспанов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу