Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев облыс әкімдерінен бөлінген қаржыны жыл соңына дейін игеруді тапсырды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
"Өнімге келер болсақ, биылғы жылдың қаңтар-қараша айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі жалпы республикалық деңгейге қарағанда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында төмен болып отыр. Кірістер бойынша қарасақ, Қарағанды 99,2, Маңғыстау 99,7 пайыз, шығыстар бойынша орындалуы Алматы қаласы 93,7, Астана 93,1, Маңғыстау 93, Оңтүстік Қазақстан 98, Батыс Қазақстан 95 пайыз", деп атап өтті Үкімет басшысы. Сонымен қатар ол "Нұрлы жол" бағдарламасында берілген трансферттер бойынша орындалу Ақмола облысында 84, Атырау облыстында 76,9, Маңғыстау облысында 83,3 пайызды құрап отырғандығын айтты.
"Дегенмен бұл 11 айдың қорытындысы, жыл соңына дейін осы айтылған облыстарда әлі де мүмкіндік бар деп есептеп, соған сенеміз. Сондықтан сіздерден күш-жігерлеріңізді бөлінген қаржыны дер кезінде игеруге жұмсап, кірістерді ұлғайтуға жұмыс жасауларыңызды сұраймыз", – деді Сағынтаев.