Үкіметте жаңа министр ант берді

124

Үкіметтің отырысы өтіп жатыр.

Үкіметте жаңа министр ант берді Фото: Конституциялық сот

Жаңадан тағайындалған Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Үкімет отырысында ант берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жуырда Президент Жарлығымен Азамат Есқараев Әділет министрі лауазымынан босатылған болатын. Оның орнын Ерлан Сәрсембаев басты.

"Қазақстан Республикасының халқы мен Президентінің алдында, өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне өзімнің барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі және дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге  ант етемін", – деді ол Үкімет отырысында.

Айта кету керек, осыған дейін Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі болып тағайындалғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу