Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ант берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазақстан халқы мен Президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін", – деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.
Айта кету керек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалғанын жазғанбыз.