"Хутор" бандасының басшысы саналатын Хасан Қасымбаевтың анасы Мемлекет басшысынан істің әділ тергелуін талап етіп, көмек сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Ресми мәлімдемесінде Гүлнар Нұракенова ұлының жазықсыз екенін айтады.
– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа үндеу жариялаймын! Менің баламның ісін әділетті түрде шешіп беруіңізді, өз назарыңызға алуыңызды сұраймын! Баламды жазықсыздан-жазықсыз қаралап отыр. Оның ешқандай кінәсі жоқ. Соның бәрін зерттеу керек. Заң органдарынан жауап күтемін. Сол үшін келіп отырмын, – деді ол.
Еске салайық, Алматы облысы полиция департаменті тергеуді өз бақылауына алып отыр. Әзірге тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жарияланбайды.
Бұған дейін Хасан Қасымбаевтың ұсталғанын жазған едік.