"Kinder" өнімінде қауіпті заттар бар ма? – ДСМ түсініктеме берді

136

Әлеуметтік желілерде "Kinder" өнімінде қауіпті заттар бар деген ақпарат таралуда. 

"Kinder" өнімінде қауіпті заттар бар ма? – ДСМ түсініктеме берді Фото: vinegret.cz

Бұл жағдайға қатысты Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

"Бұл мәліметтердің ескірген және 2016 жылға қатысты екендігін хабарлаймыз.

Аталған мәселе бойынша ЕАЭО-ның құзыретті органдары өз уақытында тексеру жүргізген, нәтижесінде қандай да бір заңбұзушылық фактілері расталмаған", – деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта бұл өнімге қатысты халықтан шағымдар мен өтініштер тіркелген жоқ.

"Тек ресми және тексерілген ақпарат көздеріне ғана сенулеріңізді сұраймыз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу