Кинематография туралы заң жобасы әзірленді

1683

Кинематография туралы заң жобасы әзірленді

Елімізде кинематография туралы заң жобасы әзірленді. Заң жобасында кинематографияға мемлекеттік қолдау көзделген. Бұл туралы заң департаментінің директоры Күміс Сейітова мәлімдеді, деп хабарлайды ortcom.kz.
Заң жобасы мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы парламенті сессиясының алтыншы шақырылымдағы ашылуында берген тапсырмасына сай әзірленген. 
Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, заң жобасы кинематография саласындағы бастамашы елдердің озық тәжірибелерін жан-жақтылы зерттеу арқылы дайындалған.
Заң департаментінің директоры Күміс Сейітова: "заңда кинотуындыларды үш топқа бөліп қарастырдық. Мұның алғашқысы коммерциялық фильмдер, екінші шетелмен бірлесе түсірілген фильмдер, үшінші, әлеуметтік маңызы бар фильмдер. Осы үш сала бойынша да мемлекеттік көмек көзделген. Коммерциялық фильмдерге 70%-ға дейін көмек беру көзделсе, екінші топтағы, шетелмен бірлесе түсірілген фильмдерді 50% шамасында қолдау көзделген. Ал әлеуметтік маңызы бар туындылар 100% мемлекеттік қаражатпен түсірілмек", – деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу