Кино тарихындағы ең табысты актриса белгілі болды

110

Ол Скарлетт Йоханссонды басып озды.

Кино тарихындағы ең табысты актриса белгілі болды Фото: afisha.md

"Аватар" жұлдызы Зои Салдана ең көп табыс тапқан актриса ретінде тарихқа енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оған "Аватар: Су жолы" филімінің табысы негізгі себеп болды. Оның дәл қазіргі уақыттағы табысы – 1,23 миллиард доллар.

The Numbers журналының мәліметі бойынша, Салдананың қатысуымен түсірілген картиналар 15 миллиард доллардан астам табыс тапқан.

Оның кассалық кірісінің негізгі бөлігі Disney-дің екі ірі франшизасынан – Marvel Cinematic Universe фильмдерінен және "Аватар" трилогиясынан түсті. Скарлетт Йоханссон екінші орынға түсті, ал Сэмюэл Л.Джексон үшінші орында.

47 жастағы актриса барлығы 123 марапатқа ұсынылды. Ол "Оскар", "BAFTA", "Канн кинофестивалі" және бірнеше "Сыншылардың таңдауы" сияқты беделді марапаттардың иегері. Салдана сонымен қатар "Алтын глобус" және "Киноактерлер гильдиясының" сыйлығын жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу