Жұмыс үш жарым айға тоқтатылмақ. Бұл амалсыз шара. Өйткені киноиндустрия саласында көрермендерге ұсынатын контент жоқ. Мұндай шешімге отандық продюсерлер өздері келген. Кино өнерінің майталмандары туындыларын жарыққа шығаруды былтырғы жылдан бері жоспарлап келеді екен. Қазіргі кезде 16 фильм дайын тұр. Дегенмен пандемияның кесірінен олардың тұсаукесерін продюсерлер күзге дейін шегеруге мәжбүр болған. Ал карантин жеңілдетілгелі бері елімізде небәрі 3 жаңа кино көрерменге жол тартқан көрінеді. Бірақ олардан түскен табыс көңіл көншітпейді. Мәселе ресейлік контент арқылы да шешілмейді. Себебі олардың фильмдеріне соңғы бес жылда сұраныс азайған. Сондықтан жағдай тұрақталмайынша, жұмысқа кіріспейміз дейді бизнес өкілдері.