Кинотеатрларда қазақ киносын таңдайтындар көбейіп келеді

1028

Кинотеатрларда қазақ киносын таңдайтындар көбейіп келеді

Қазақстан кино нарығында да өсім жоғары. Әсіресе, кинотеатрға барушылар саны Астана мен Алматыда еселенген. Мәселен, соңғы 3 жылда бұл көрсетіш 15% артқан екен. Көрермендер қатарының өсуіне билет құнының да біршама қалыпты деңгейде сақталуы себеп болса керек. Өйткені соңғы бірнеше жылда бұл сегментте баға анау айтарлықтай өзгерген емес. Соған қарамастан, кинотеатрлар пайда көрмесе, шығынға батып жатқан жоқ.

Статистика комиетінің дерегіне қарағанда, қазір тек Атырау мен Петровалда билет қымбатаған. Мұнда ең арзан сеанс 1700 теңге шамасында. Бірақ бұдан көрермендер саны азаймаған. Қазір отандық кино компаиялар да жұмысын жақсартып, сапалы фильмдер ұсынуға талпыныс байқатуда. Сауалнамаға қарағанда, кинотеатрға келішулердің 50% қазақ режиссерлерінің туындаларына таңдау жайды екен.

Дмитрий Кириенко, Кинотеатрлар желісінің коммерциялық директоры:

"Көрермендер категориясына қарай билеттің бірнеше бағасы бекітілген. Яғни, оның құны сұранысқа сәйкес қойылады. Алғашқы уикендте және одан кейінгі кезеңдерде деп бөлінеді. Осының арқасында, барлық аудитория қамтылып отыр. Киноның кассалық түсімі де еселенген. Бірақ әзірге билет бағасын қымбатпаймыз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу