Кинотеатрлардың қаржылық шығыны қалай өтеледі?

788

Кинотеатрларға берілетін артықшылықтар мен салықтық жеңілдіктер туралы норма әзірленді.

Кинотеатрлардың қаржылық шығыны қалай өтеледі?

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері мен денсаулық сақтау министрлігі қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кинотеатрларды ашуға рұқсат бермей отырғанын айтты. 

"Біз эпидемиологиялық жағдай жақсарып, кинотеатрлар ашылады деп үміттеніп отырмыз. Кинотеатрлардың шығынға ұшырап, жұмыс орындарының қысқарып жатқанынан хабардармыз. Бірақ әлемдегі жағдай осындай. Кинотеатрларды ашқан басқа елдер көп өтпей қайта жабуға мәжбүр болды", – деді Ақтоты Райымқұлова.

Бұдан кейін ол кинотеатрлардың қаржылық шығынын жабу үшін берілетін жеңілдіктерге тоқталды. 

"Көрермен қазір сақ. Пандемияға дейінгідей кинотеатрға көп келмеуі мүмкін. Сондықтан біз бүгін кинотеатрлардың жағдайын түсінеміз. Ұлттық экономика министрлігімен бірге кинотеатрларға берілетін артықшылықтар мен салықтық жеңілдіктер туралы нормаларды әзірледік. Бұл оларды жыл соңына дейін жеке табыс салығынан, әлеуметтік салықтан, сондай-ақ міндетті зейнетақы төлемдерінен және әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерінен босатады", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу