Турнир Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Жарысқа Қазақстанның өңірлерінен және жақын шетелдерден 500-ден астам спортшы қатысып жатыр.
Турнир қатысушылары үш негізгі ереже бойынша шеберлігін көрсетеді. Ол сейкен, шуто, хидзи және какакао техникалары бойынша орындалатын кумитэ, ката және тамашэвари түрлері.
Спортшылар 8 жастан 18 жасқа дейінгі және үлкен жас санатында, сонымен бірге 25 келіден 80+ салмақ дәрежесінде бақ сынайды.
Киокушинкай кан каратэдан "Kazakhstan Open" халықаралық турнирінің жеңімпаздары дипломдар мен медальдармен марапатталды. Ал үздік спортшылар "Жеңіске деген жігері үшін" 1 және "Үздік техникасы үшін" аталымына ұсынылады.
Спорттық жарыстар "Дәулет" спорт кешенінде желтоқсанның 23 және 24 күндері өтеді.