Бірер күннен кейін Астанада каратэ киокушинкайдан Азия чемпионаты басталады. Осыған орай ел намысын қорғайтын спортшылар қазір дайындығын пысықтап жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
Азамат Такенов баптайтын ұлттық құраманың негізгі жаттығуы қала сыртындағы парк пен республикалық федерацияның спорттық базасында өтеді. Бас-аяғы 55 спортшы алдағы құрлықтық додада еліміз атынан сынға түспек. Ал байрақты бәсекеге қатысататын спортшылар саны 250-ден асады.
Бүгінге дейін 12 елдің құрамасы келетіндерін растаған. Чемпионаттың өзі 16-17 маусым күндері Астанадағы "Дәулет" спорт кешенінде өтеді.
Біз басқа жарыстарға қатысып, осы Азия чемпионатына дайындалдық. 2 кезеңнен тұратын жаттығу өтті. Екеуі де Астанада өтті. 2-3 күннен кейін негізгі жарысқа шығамыз", - дейді киокушинкайдан ұлттық құрама мүшесі Темірлан Жәнібек.