Киотодағы өрттен 25 адам қаза тапты

791

36 адамды түрлі деңгейде күйік шалған. 

 Киотодағы өрттен 25 адам қаза тапты

Kyodo News агенттігінің дерегі бойынша, 36 адамды түрлі деңгейде күйік шалған. 

Оқиға шаһардағы анимациялық студияда болған. 41 жастағы ер адам ғимаратқа баса-көктеп кіріп, "сен өлесің" деп айқай салған. Сол бойда ол айналасына бензинге ұқсас сұйықтық шашып, өртей бастаған. 

Зардап шеккендердің біразы ауыр халде жатыр. Ресми дерекке сүйенсек, күйік шалғандардың дені Kyoto Animation қызметкерлері. 

Жергілікті биліктің айтуынша, күдікті де жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оны бұл қадамға не итермелегені белгісіз. Қазір осы іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Kyoto Animation – аниме және комикс шығаратын студия. Оның негізі 1981 жылы қаланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу