Киотодағы өрттен қаза тапқандар саны 33-ке жетті

514

Қайғылы жағдайға байланысты Жапония премьер-министрі марқұмдардың тума-туысқандарына көңіл айтты. 

Киотодағы өрттен қаза тапқандар саны 33-ке жетті

Kyodo News агенттігінің дерегі бойынша, 40-қа жуық адамды түрлі деңгейде күйік шалған. 

Оқиға шаһардағы анимациялық студияда болған. 41 жастағы ер адам ғимаратқа баса-көктеп кіріп, "сен өлесің" деп айқай салған. Сол бойда ол айналасына бензинге ұқсас сұйықты шашып, өртей бастаған. 

Жергілікті биліктің айтуынша, күдікті де жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оны бұл қадамға не итермелегені анықталып жатыр.

Ресми дерекке сүйенсек, күйік шалғандардың дені Kyoto Animation қызметкерлері. 

Айта кетсек, Kyoto Animation – аниме және комикс шығаратын студия. Оның негізі 1981 жылы қаланған. 
 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу