Кипр елімізге қылмыстық істерде құқықтық көмек көрсетеді

392

Қазақстан да бұл мәселеде шет қалмайды. 

Кипр елімізге қылмыстық істерде құқықтық көмек көрсетеді Фото: видео скриншот

Сенат отырысында "Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" Заңы мақұлданды, деп жазады inbusiness.kz. 

"Қандай да бір күдікті немесе айыпталушы Кипр мемлекетінің аумағында болса, құқық қорғау органдары, біздің тергеушілер сол елге барып, құқықтық іс жүргізе алмайды. Сол себепті бізге бұл мемлекеттің құқықтық көмегі керек болады. Сондықтан уағдаласушы мемлекеттер арасында сұрау салу арқылы айыпталушы немесе күдікті туралы дәлелдемелер, айғаққа керек заттарды нақтылауға байланысты әртүрлі шаралар осы келісім арқылы жүргізіледі. Егер қандай да бір куәгерлер сол мемлекетте болса, онда куәні, күдіктіні, сарапшыларды алдыру кезінде шығындар мәселесі осы шартта қарастырылған", - деді депутат Амангелді Төлемісов Сенат отырысынан кейінгі брифингте.

Жалпы мақұлданған заң келесі процесстік әрекеттерді:

- құжаттарды, шақыру қағаздарын және нәрселерді беру мен табыс етуді;

- адамның жеке басын анықтауды, оның және нәрселердің тұрған жерін айқындауды;

- бейнеконференцбайланыс бойынша айғақтарды қоса алғанда, айғақтар мен арыздар алуды;

- тінтуді, тыйым салуды және тәркілеуді жүзеге асыруды;

- құжаттарға немесе нәрселерге сараптама жүргізуді;

- ақпарат және дәлелдемелер алмасуды қамтитын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу