Кипр Республикасының президенті Никос Христодулидес елінің Вашингтонмен Солтүстік Атлантикалық альянсқа кіру жолдары туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, Түркияның қарсылығына байланысты Кипр Республикасының НАТО-ға мүше мемлекет бола алмауы ел армиясын модернизациялау үшін де, әскери техника алу үшін де көптеген мүмкіндіктерден айырады.
Никос Кристодулидес Кипрдің НАТО мен Америка Құрама Штаттары арқылы, сондай-ақ ЕО қорғаныс бағдарламалары арқылы жаңа мүмкіндіктер іздеп жатқанын анық көрсетті. Христодулидес Кипрдің басты артықшылығын аралдың "ерекше геостратегиялық маңызы бар аймақта" географиялық орналасуын атады.
Ол сондай-ақ, аралдың әскери-теңіз және әуе базаларын модернизациялау туралы шешімдер қабылданғанын және Кипрдің теңіз нысандарына қатысты ЕО-мен және әуе күштеріне қатысты АҚШ-пен келіссөздер жүргізіп жатқанын растады.
– Бұл туралы неғұрлым аз айтсақ, мақсатымызға соғұрлым жақын боламыз, – деп жауап берді президент НАТО-ға кіруге ықтимал өтініш беру уақыты туралы сұраққа.
Альянс ережесіне сәйкес, аумақтық мәселесі шешілмеген мемлекет оған кіре алмайды. Кипр Республикасы аттас аралдың шамамен 60% бақылайды.