Кипр университетінің ғалымдары бұл вирусты АҚШ-тағы Лос-Аламос ұлттық зертханасында жұмыс істеген кезде тапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Phileleftheros басылымының хабарлауынша, ғалымдар бірінші типтегі адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) жаңа рекомбинантты штамына CRF91_cpx деген атау берді. Жаңа рекомбинантты штамның геномы АИТВ-1 төрт штамынан құралған: CRF02_AG, G, J и U.
Вирустың жаңа түрін зерттеуге Ларнак клиникасының СПИД-ті емдеумен айналысатын мамандары да қатысты.
Штамм Кипрдің 14 тұрғынынан анықталды.
Мамандардың айтуынша, CRF91_cpx ерлермен жыныстық қатынасқа түскен кипрлік ер адамдар арасында таралған.
Табиғат Нұрболат