Кипрден елімізге медициналық гуманитарлық жүк келді

583

Жүк ішінде 9 мың дәрі мен 50 мың маска бар. 

Кипрден елімізге медициналық гуманитарлық жүк келді

Қазақстанның Израиль мен Кипр Республикасындағы елшілігінің көмегімен Remedica деп аталатын кипрлік фармацевтикалық компаниясынан елімізге дәрі-дәрмектерді жөнелтілді. Олар "СК-Фармация" компаниясының Алматыдағы қоймасына жіберілген. 

Ресми дерек бойынша, жүктің ішінде 9 мың дәрі-дәрмек пен 50 мың бетперде бар. Енді бұл гуманитарлық көмек Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен өңірлерге таратылады. Дистрибьютердің сайтында дәрі-дәрмектер мен басқа да медициналық өнімдердің қалай үлестіріліп жатқанын көруге болады.

Remedica компаниясы "СК-Фармация" компаниясымен серіктестік орнатып, өз өнімдерін Қазақстанға дистрибьюциялауды көздеп отыр. Бұл компания –Кипрдегі жетекші фармацевтикалық компания. Оның өнімдері 160-тан астам елге сатылады. Қазіргі таңда Remedica-ның заманауи үлгідегі 5 зауыты бар, одан шыққан өнімдерді ЕО мен басқа да елдердің денсаулық сақтау органдары мақұлдаған.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу