Аталған әлемдік додаға ҚР ұлттық құрама сапында сынға түскен ұлт ұясы – Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Ұлытай облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары және Жезқазған қаласының ОМОРБЖМ мектебінің түлектері жақсы нәтижеге қол жеткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Екі палуанды әлемдік додаға даярлап, бағы мен бабын келістірген ұлт ұясы ұлытаулық жауынгерлік самбодан белгілі жаттықтырушы-бапкер Отыншин Береке Әскербекұлының еңбегін атап өткен жөн.
Сонымен қатар, қос палуан өздерінің алғашқы бапкерлері Ұлытау ауданы, Жезді кентінің дзюдо мен самбодан бапкер-жаттықтырушылары Бөлтірік Алшынбек және Талгат Абдишевтың үмітін ақтап отыр.