ҚР бойынша кір сабынның орташа бағасы тамыз айында 307 тг (200гр) құрады, деп жазады inbusiness.kz ұлттық бюроға сілтеме жасап.
Өңірлер арасында ең жоғары баға Астанада – 577 теңге, ең арзан баға Атырауда – 172 теңге.
Тіс пастасының орташа бағасы 854 тг (75 мл), өзге өңірлерге қарағанда ең қымбат баға Алматыда – 1 117 тг, арзынарық баға Оралда – 669 тг.
Сусабынның бөлшек саудадағы орташа бағасы 200 мл үшін тамыз айында 903 тг мөлшерінде болды. Мұнда ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді – 1 062 тг, ең төменгісі Петропавлда – 741 тг.
2022 жылғы қаңтар-шілде аралығында Қазақстанда 15 880 тонна жуу және тазалау құралы өндірілді, оның ішінде 8 847 тонна – сабын және сабын ретінде пайдалануға арналған органикалық заттар мен препараттар, 358 тонна – сусабын, 1 тонна – тіс пастасы және т. б.