Қираған ғимараттың иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

1143

Юго-Восток ауданында орналасқан объекті құлаған кезде жанында 4 адам болған. Үш зардап шегушіні №1 ауруханаға жеткізіп, қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Қираған ғимараттың иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астанада 1 тамыз күні өз еркімен салынған ғимарат қирап, нәтижесінде адамдар зардап шекті. Аталмыш ғимараттың қаңқасы құрылыс ережелерін сақтамастан салынған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сонымен, ғимараттың қирауына негізгі себеп болған жайт, құрылыс кезінде қауіпсіздік нормалары мен ережесіне салғырт қараған. Қалыпты дұрыс орнатпаған және бетон дұрыс құйылмаған. Бұдан басқа, "Астана қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" МБ ақпаратына сәйкес, объектінің құрылысын салуға рұқсат беретін құжаттары жоқ.

Айта кетейік, Юго-Восток ауданында орналасқан объекті құлаған кезде жанында 4 адам болған. Үш зардап шегушіні №1 ауруханаға жеткізіп, қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Қираған ғимараттың фактісіне байланысты құрылыс объектісінің иесіне Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің "Еңбек қорғау ережесін бұзу арқылы абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру" 156 бабының 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өкілетті органдардың хабарлауынша қайғылы оқиға болған учаске жекеменшікке тиесілі. Жер иесінің айтуынша ол жерге коттедж (ИЖС) салуды жоспарлаған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2016 жылдан бастап Doing Business жобасы енгелі жемқорлықты азайту және бизнесті сәтті дамыту мақсатында объектіні қабылдап алып пайдалануда мемлекеттік қабылдау комиссиясы қатысуды доғарған болатын. Осыған байланысты, ереже бұзған құрылыс объектісін қабылдап алушылар ҚР бекіткен заңы бойынша жауапқа тартылады.

Одан бөлек, ҚР "Сәулет, қала салу және құрылыс қызметі туралы" Заңының 33 бабына сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы тарапынан жекелеген тұрғын үйлердің құрылысынан басқа жеке азаматтар пайдаланатын күрделі емес техникалық құрылыстарға тексеру жүргізіледі.

Сондай-ақ ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ақпарат алу, жеке және заңды тұлғалардың шағымымен мемлекеттік және жергілікті өкілетті органдар адамдардың өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, мемлекет мүддесіне төніп тұрған қауіп туралы бапқа сүйеніп, субъектілерді жоспардан тыс тексереді.

Осыған байланысты қауіпсіздік мақсатында Астана әкімдігі заңда қарастырылған талаптарды сақтауын, заңсыз әрекеттерді байқаған жағдайда "Астана қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына" МБ 91-94-24 немесе 109 номері бойынша iKOMEK порталына хабарласуды сұранады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу