Маңғыстау әкімдігі құрылыста пайдаланылған материалдардың сапасын тексереді

429

Ақтауда салынып жатқан ғимараттағы бетон плита үш күн бұрын құлаған.

Маңғыстау әкімдігі құрылыста пайдаланылған материалдардың сапасын тексереді Фото: lada.kz

Маңғыстау облысының мемлекеттік құрылыс-сәулет бақылау басқармасы салынып жатқан ғимараттағы бетон плита үш күн бұрын құлағанын, бірақ әлеуметтік желіде оқиға туралы бейнеролик жарияланғанға дейін техникалық қадағалаудан мәлімет түспегенін хабарлады.

Ақтау қаласының 29а шағын ауданда салынып жатқан ғимаратта плиталардың опырылып түсу дерегі нақтыланды. 

Құрылыс объектісін салушы - "Caspian Mega Construction" ЖШС-і.

Құрылыс-сәулет бақылау басқармасы бұл нысанның сәулет-жоспарлау тапсырмасымен келісілген эскиздік жобасы арқылы жұмыс жобасына жеке сараптаманың оң қорытындысы беріліп, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарламасы бар екенін растады.

"Тексеру барысында облыстың бас мемлекеттік құрылыс инспекторы орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкциялары мен жабдықтарының жобалық шешімдер мен мемлекеттік нормативтерге сәйкестігіне тексеру жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдады. Бұл ғимараттардың беріктігін, тұрақтылығын, тірек және қоршау құрылымдарының сенімділігін және пайдалану сапасын қамтамасыз етуге қатысты. Сапасыз материалдарды пайдалану және бұзушылықтармен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу ықтималдығы бар. Плитада көлденең немесе қиғаш жарықшақтың болуы ықтималдығы жоғары. Бұл оның құлауына әкеліп соққан болуы мүмкін. Жоғарғы бетон плитаның құлауы төменгі тақталарды қиратты", - деп түсіндірді басқарма өкілдері.

Жергілікті әкімдік оқиға 3 қыркүйекте болғанын, алайда бүгінгі күнге дейін оқиға туралы техникалық бақылаудан ақпарат түспегенін атап өтті.                                                                                                                                                                                        

Естеріңізге салайық, Ақтаудың 29а шағын ауданында сапасыз салынып жатқан тұрғын үйдің плитасы опырылып, астыңғы қабатты қиратып кеткенін құрылысшы жариялаған еді.                                                                                                        

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу