Кирилл Герасименко әлем рейтингінде өз орнын сақтап қалды

564

Үстел теннисінен әлемдік рейтинг жаңартылды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Кирилл Герасименко әлем рейтингінде өз орнын сақтап қалды

Коронавирустық пандемияға, одан кейінгі карантинге және көптеген жарыстардың тоқтатылуына байланысты Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) биыл сәуір айында спортшылар рейтингін тоқтатты. Мақсат - спортшылардың бұрыңғы ұпайларын сақтау. Қараша айында өткен үш жарысты ескере отырып, бүгінде спортшылар рейтингі қайта жаңартылды.

Ерлер арасында әлем кубогіндегі жеңісінің арқасында өз позициясын нығайтқан Фан Чжендон (Қытай) рейтингте көш бастады. Одан кейін қытайлық Сю Синь, Ма Лонг, Лин Гаоюань, жапондық Томокази Харимото және Уго Калдерано (Бразилия) рейтингте тұр.

Әйелдер арасында әлем Кубогында да, ITTF Финалында да жеңіске жеткен қытайлық Чен Мен рейтингте бірінші орынға шықты. Екінші орында Сунь Иньша (Қытай), үшінші орында Мима Ито (Жапония), одан кейінгі рындарға қытайлық Ван Ман, Дин Нин және Чжу Юлин жайғасқан.

Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко өзінің 46-шегін сақтап қалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу