Кіріс – 8,5 трлн, шығыс – 12,3 трлн теңге

2075

Мемлекеттік аудит 212 млрд теңгенің қаржылық бұзушылықтарын анықтаған.

 Кіріс – 8,5 трлн, шығыс – 12,3 трлн теңге Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында премьер-министрдің бірінші  орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов мемлекеттік бюджеттің ахуалына тоқталды.

"11 айдың ішінде 3 мың 111 аудиторлық іс-шаралармен 783 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. Нәтижесінде 212 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тексеру кезінде 192 млрд теңгеге бұзушылықтар  жойылды. Аудит объектілеріне 2 944 ұсыныстар жіберілді. Оның 2 мың 124-і орындалды. Есепті кезеңде жалпы сомасы 9 трлн 160 млрд теңгеге 1 млрд 428 млн мемлекеттік сатып алу процедуралары камералдық бақылаумен қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша жалпы сомасы 717 млрд теңгеге  мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзушылығына жол берілмеді", – деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, 11 айда мемлекеттік бюджеттен 12 трлн 352 млрде теңге шығыстарға бөлінген. Ал кіріс көздерінен 8 трлн 514 млрд теңге түскен.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу